Ұшақта темекі шеккен Украина азаматына 50 АЕК айыппұл салынды

inform.kz
Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Украина азаматын анықтады.

17 қаңтарда "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілдерімен Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне "Киев-Алматы" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін акт бойынша құқықбұзушы берілді, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында көлік полицейлері 33 жастағы Украина азаматын анықтады. Ер адам жоғарыда аталған ұшақтың бортында электронды темекі шегіп, ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзған.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни, әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Өткен жылы еліміздің көлік полицейлерімен әуе кемесіндегі түрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 394 азамат, оның ішінде 34 шетелдіктер (Канада, Түркия, РФ және т. б.) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 93 млн теңгеден асты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды