ШҚО-да республикалық ақындар айтысы өтеді

Рүстем Уанов
Аудан басшысының жазуына қарағанда, айтысқа Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Серік Қуанған сияқты елге танымал ақындар қатысады.

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында республикалық айтыс өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Сәтін салса, биылғы жылдың сәуір айында еліміздегі ахуал шегі тұрақталса, былтыр ғана ортамыздан ұзаған, ауданымыздағы аяулы азаматтардың бірі Дүйсембаев Қайратты еске алуға арналған «Елін сүйген ерлер бар...» атты республикалық айтыс өтеді. Бауыржан Рапеков бастаған марқұмның достары айтыстың бас жүлдесіне су жаңа автокөлік тігуге шешім қабылдады, – деп жазды әкім.

Аудан басшысының жазуына қарағанда, айтысқа Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Серік Қуанған сияқты елге танымал ақындар қатысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды