Алматыда өрт сөндірушілер тақтай қоймасындағы өртті жарты сағатта ауыздықтады

instagram
Өртке қарсы сумен жабдықтаудың қашық орналасуына байланысты, су өрт автоцистерналардың көмегімен қамтамасыз етілді.

Алматыда өртке қарсы қызмет қызметкерлері жарты сағат ішінде 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған қоймадағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"2021 жылғы 21 қаңтарда 08 сағат 18 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы Қазыбаев көшесіне шақыртудың жоғары дәрежесімен жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде 1500 шаршы метр аумақта жеке тұрған бір қабатты құрылыс ағаштары сақталған қойма ғимаратының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт шыққан қоймадан қатты жылудың әсерінен оттың 10-15 метр қашықтықта орналасқан көрші қоймаларға таралу қаупі туындады, - дейді Алматы қалалық ТЖД.

Өртке қарсы сумен жабдықтаудың қашық орналасуына байланысты, су өрт автоцистерналардың көмегімен қамтамасыз етілді.

Өртті сөндіруге және қоймаларды оттан қорғау үшін 2 автобаспалдақ пен 8 әмбебап өрт оқпандары берілді. Қызыл жалынды сөндіру үшін Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.

"Қабылданған шаралар арқылы өрт 30 минуттың ішінде сөндіріліп, 09 сағат 35 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деді ТЖД.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды