Түркістан облысында тыйым салынған діни кітап таратқан күдікті ұсталды

ТО ПД баспасөз қызметі
Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Түркістан облысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында сайттардың біріне діни әдебиеттерді сату туралы хабарландыру орналастырған Түркістан қаласының қарт тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни сипаттағы тыйым салынған әдебиетті заңсыз таратқаны үшін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі "Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұл теріс әрекетін толығымен мойындады және бұрын жарияланған хабарландыруды өшірді. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Нәтижесінде сот қаулысымен облыс орталығының тұрғыны кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарының сақталуын бақылау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында деструктивті-діни ағымның жақтаушылары болып табылатын 4 жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған адамдар эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, карантинді бұзушылардың бірінің үйінде өткізілген жаппай іс-шараға қатысқан.

Деструктивті-діни ағым жақтаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-ның полицейлері азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу керектігін еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды