Желіде Маңғыстау облыстық ДСБ бастығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды

lada.kz
Жаманбаеваның ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде.

Желіде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жамал Жаманбаеваның сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл ақпаратты растамады және оны жоққа шығармады да, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаманбаева Жамал Әбдібекқызы 2020 жылдың тамыз айында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, "Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың ұлттық жоспары" бағдарламасы аясында медициналық техникан сатып алу үшін жолдаған бюджеттік өтінімде бағаны көтеріп көрсеткен. Басшы үш жылжымалы рентген аппаратын сатып алды деп күдікке алынды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 63 миллион теңгені құрады, - делінген Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділовтің Телеграмм-арнасында жарияланған хабарда.

Lada.kz басылымы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты деп жазады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы хабарламаны растамады немесе жоққа шығармады. Жаманбаеваның ұялы телефоны байланыс аясынан тыс жерде.

Жамал Жаманбаева Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болып 2020 жылдың мамыр айында тағайындалды. Бұған дейін ол көптеген жылдар бойы Маңғыстау облыстық перинаталды орталығын басқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды