Шымкентте ішкі қауіпсіздіктің мас қызметкерін тоқтатқан тәртіп сақшысы жұмыстан қуылды

inform.kz
Полиция өз қызметкерін "рөлге мас күйінде отырғаны үшін ұстадым" деген ақпаратты таратқаннан соң жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған.

Шымкентте Түркістан облысы ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерін ұстаған тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Отырар" басылымының хабарлауынша, полиция өз қызметкерін "рөлге мас күйінде отырғаны үшін ұстадым" деген ақпаратты таратқаннан соң жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған.

Полиция қызметкері ресми қызметтік бейнежазба мен ақпараттарды рұқсат етілмеген адамға бергені анықталды. 30 желтоқсанда полиция лейтенанты Жанбота Болат Орнақұлы ішкі істер органдарының атына кір келтірген әрекеті үшін департаменттің тәртіптік комиссиясының шешімімен жұмыстан шығарылды, - деді полиция полковнигі Әлімхан Темірханов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды