ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерлерден ірі сомада ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Сурет: zakon.kz
Талап етілген параның мөлшері 100 мыңнан 5 миллионға дейінгі аралықты қамтыған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың кейбір басшылары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара талап ету ісімен айналысқан, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК " АҚ қызметінде де сыбайлас жемқорлық көрініс тапқан, мұнда жекелеген басшылар вагондарды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара талап етіп, ақша бопсалаумен айналысқан, - деді Биғайдаров.

Оның айтуынша, Алматы, ШҚО, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында және Шымкент қаласында да дәл осындай фактілердің жолы кесілді.

Олар ұйымдастырған қылмыстық схема заңсыз баюларына мүмкіндік берген. Сонымен бірге параның мөлшері 100 мыңнан 5 миллионға дейінгі аралықты қамтыған. Жалпы сомасы ондаған миллион теңгеге жетті, - деп атап өтті тергеуші.

Сонымен қатар ол көліктегі бақылау саласындағы шенеуніктердің де заңсыз ісі әшкере болып жатқанын айтты. Ол талған басқарма басшысының орынбасары былтыр жүйелі түрде Алматы облысында тауарларды кедергісіз өткізу үшін 50-ден 240 мың теңгеге дейін алғанын мысал ретінде келтірді.

Жалпы, ведомстволардың мәліметтері бойынша, агенттік кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр: 1300-ден астам фактінің жолы кесілді, 1000-нан астам лауазымды тұлға анықталып, оның 486-сы сотталды. Қабылданған шаралар 1,5 мыңға жуық кәсіпкерді қорғауға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды