ШҚО-да дәрігерлер мінген ұшақ тас жолға қонуға мәжбүр болды

ҚР ИИДМ
Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды.

2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытына АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өйткені, ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.

Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ, делінген ҚР ИИДМ таратқан хабарламада.

Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды