Жоғарғы соттың судьясы пара алу кезінде ұсталды

Facebook
Ақша берген аудандық соттың судьясы да Түркістан қаласында ұсталды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қызметкерінің қамауға алынғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі уақыт аралығында бірлескен іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде, биылғы жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың судьясы ірі көлемде ақшалай пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлады құзырлы ведомства.

Ақшаны оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінде жұмыс істей жүріп, Түркістан облысындағы аудандық соттың судьясын бір жерден екіншісіне ауыстыруда көрсеткен көмегі үшін берілген.

Ақша берген аудандық соттың судьясы да Түркістан қаласында ұсталды.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды