Нұр-Сұлтанда зейнеткерді тонаған қаскөй видеоға түсіп қалған

Pixabay
Күдікті қамауға алынды. Полиция анықтағандай, ұсталған адам бұрын сотты болған.

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарияның айтуынша, түскі ас кезінде ол Бейсеков көшесімен үйіне қарай жаяу бара жатқан. Осы кезде оған бір жас жігіт таяп келіп, қай жерде тамақтануға болатынын сұрайды. Қария жауап беріп жатқанда күдікті оны жұдырықпен бір ұрып, құлатқан. Сөйтіп ішінде ақша, құжаттары мен екі ұялы телефоны бар қол сөмкесін күшпен тартып алған. Осыдан кейін ол ізін суытқан. Автортұрақ аймағында құжаттарды лақтырып, ақша мен ұялы телефоны бар қол сөмкені алып жоғалған, - деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі.

Күдікті қамауға алынды. Полиция анықтағандай, ұсталған адам бұрын сотты болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды