Қарағандыда тойды ұйымдастырған судья емес, оның бауыры болып шықты

pxhere.com
Исабеков А.Р. өзінің кінәсін мойындады. Айыппұл төленді. Сондай-ақ, жұмыс орнына тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс хат жолданды.

Қарағандыдағы тойды ұйымдастырған судья емес, оның бауыры екені мәлім болды, деп хабарлайды zakon.kz.

25 қаңтарда Қарағанды ​​қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне "Рубин" мейрамханасында Естай Исабековтің анасының туған күніне орай той жасағаны туралы материал келіп түсті. Іс материалдарына тіркелген басқа қандай да бір түсініктеме болған жоқ.

Материалды қарау кезінде Исабеков Е.А. тексеру қорытындыларымен танысу және ҚР Әкімшілік Кодексінің 425-бабы, 1-тармағы, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" бойынша хаттама толтыруға шақырылды, - деп хабарлады басқармадағылар.

12 ақпанда Исабеков бұл іс-шараның ұйымдастырушысы өзінің бауыры А.Р.Исабеков екені туралы дерек келтірген түсініктеме жазды.

Исабеков А.Р. өзінің кінәсін мойындады. Айыппұл төленді. Сондай-ақ, жұмыс орнына тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс хат жолданды.

Бұған дейін желіде облыстық соттың судьясы Естай Исабековті той үстінен ұстап алған видео жарияланған еді. Қарағанды ​​облыстық сотында Исабековке қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда мониторинг тобы той үстінен судьяны шырылдатып ұстап алды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды