Балаларға арналған шипажай басшысы ақша ұрлады деген күдікке ілінді

newtimes.kz
Сондай-ақ ол балаларға арналған азық-түлікті сатып, пайда тапты деп айыпталады.

"Алатау"емдеу-сауықтыру мекемесінің басшысына қатысты қатерлі ісікке шалдыққан балаларға арналған шипажайдағы азық-түлікті ұрлап, сатты деген күдікпен тергеу басталды, деп мәлімдеді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифингте БАҚ өкілдері балалар омбудсмені Аружан Саин таратқан ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Алматы қаласындағы "Алатау" республикалық клиникалық шипажайында ақша ұрланғаны, онкологиялық аурулары бар балаларға арналған азық-түліктің ұрланып, сатылғаны туралы айтқан еді.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Алатау" балалар клиникалық шипажайының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу мүдделеріне сай басқа ақпараттар жария етуге жатпайды, - деді Бекайдаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды