Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатыр

ruposters.ru
Түркия ғарыш саласының жоғарғы лигасына енуді көздеп отыр.

Түркия Айға ұшатын зымыран жасап жатыр деп мәлімдеді Түркияның өндіріс және технологиялар министрі.

Мұстафа Варанк жексенбі күні Anadolu агенттігіне сұқбат берді. Ол түрік зымыраны Delta V Space Technologies Inc компаниясының технологияларын игеру негізінде әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп жазды centralasian.org.

Түркия Айға ұшу бағдарламасын екі кезеңмен жүргізбекші. 2023 және 2028 жылдарға жоспарланған. Бірінші кезеңде ұшқышсыз аппаратты ұшырып көрмек.

Министр Мұстафа Варанктың сөзінше, Түркия ғарыш саласының жоғарғы лигасына енуді көздеп отыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 9 ақпанда ұлттық ғарыш бағдарламасын әзірлеген. Түркия ғарыш айлағын салып, азаматтық және әскери мақсатта зымыран ұшырамыз деп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды