Қайрат Нұртасқа 87 мың теңге айыппұл салынды 

видеодан кадр
Әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.

Әнші Қайрат Нұртас карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұловтың айтуынша, әншіге 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды.

Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ ойын-сауық мекемелерінің бірінде 80-нен астам адамның қатысуымен өтіп жатқан туған күнді анықтады. Келушілер арасында Қайрат Нұртас та болды, ол да басқалармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды,– деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов.

Әншінің бұған дейін Алматыда жасырын өткізілген тойда болып, тексеру кезінде рестораннан қашып бара жатқан видеосы тарап кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды