"Қазақалтын" кенішінен алтын ұрлағандар ұсталды

qha.com.ua
Күдіктілер кінәсін мойындады.

Ақмола облысында "Қазақалтын" кенішінде 122 миллион теңгенің алтынын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеушілерден тұратын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары кешені өткізілді. 300-ге жуық адамнан жауап алынды, кәсіпорын нысандарында, сондай-ақ ауылдың периметрі бойынша орналасқан бейнебақылау камералары түсірген бейнежазбалар зерттеліп, талданды.

Жолымбет елді-мекенінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны жедел қызметкерлердің назарына ілікті, екеуі де "Қазақалтын" ТМК " АҚ жұмысшылары болып табылады.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде қаскөйлер қылмыс жасалғанға дейін алты ай бұрын бұл қылмысты жоспарлағаны анықталды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер табылды: дәл сол мөлшерде фабрикадан ұрланған катодты алтын қылмысқа қатысы бар күдіктінің бірінің туысына тиесілі пәтерден алынды.

2 наурызға қараған түні "Қазақалтын" кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі, "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды