Тоқаев Қабдеш Жұмаділовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

aqzhelken.kazgazeta.kz
Қабдеш Жұмаділовтің қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды - Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қабдеш Жұмаділұлының қаламынан шыққан туындылар дәуірдің жүгін, замана келбетін, қоғамның үнін айқын көрсете білген еді. Соның ішінде қилы кезеңді бастан кешкен халықтың тағдырын арқау еткен романдары мемлекет және қалың көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды. Қарымды қаламгер еліміздің рухани саласын дамытуға мол еңбек сіңірді. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Қабдеш Жұмаділұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген Ақорда сайтында жарияланған жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды