Мәдениет министрлігінде екі жаңа комитет құрылады

ehonews.kz
Сонымен қатар, жаңа комитет жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылады.

Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қаулы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылады:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына Индустрия және туризм комитеті, Тіл саясаты комитеті және Дене шынықтыру комитеті кіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды