Бірқатар мұсылман елдері Оразаны бастамай, кейінге шегерді

Ашық дерекөздерден алынды
Ораза кейбір елдерде бүгін, 14 сәуірден басталады.

Рамазан айы 13 сәуірден басталып 12-мамырға дейін тура 30 күн бойы жалғасады. Алайда кейбір елдер кеше Ораза ұстамады, оны бір күнге кейін шегерді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кейбір мұсылман елдері қасиетті айдың басталуын ауа-райының қолайсыздығынан келесі күндерге қалдырып жатыр. Мәселен, Сауд Арабиясында қатты шаң көтеріліп, жаңа айдың туғанын көре алмаған. Соған байланысты Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде де Ораза айы 13 сәуірде басталмады", - деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, ораза ұстайтын адамға вакцина қабылдауға болады. Аузы берік адам коронавирусқа шалдықса, әрі қарай оразасын жалғастыруы немесе тоқтата тұруы дәрігердің кеңесіне байланысты. Діни парызын өтеп жүргендердің ПТР-тест тапсыруына да шектеу дініміз рұқсат береді дейді мүфтилер.

Ал шетелдік медицина ғалымдары Ораза мен вакцинаны қабаттастырмауға кеңес береді.

"Вакцинаны Ораза аяқталған соң алғаны абзал немесе вакцина алып, пандемияға байланысты биыл Ораза ұстаудан бас тартса да болады. Ал екеуін қабаттастырса, әрине адам ағзасына ол ауыр болады", - дейді мамандар.

"Қызыл" аймақтағы мешіттерде ауызашар берілмейді және тарауық намазы оқылмайтынын баса айта кетелік.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды