Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің жағасын ұстатты

видеодан алынды
Жирафты атқан адамның есімі - Манарбек.

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарап жатыр. Видеода ер адамның жираф атып алғаны бейнеленген, шамамен Африкада секілді делінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Желідегілерді жираф атып алған адамның қатыгездігі ашуын туғызып жатыр. Оның үстіне ол адам қазақ секілді. Өйткені аң атқан адам жанындағы жігіт оны құттықтап, таза қазақша сөйлейді.

"Манарбек аға, құтты болсын, керемет! Таза адреналин ғой, мынау", - деп мақтау-мадақ сөздерді будақтатып жатыр ол. Ал олардың қасында гид сынды шетелдік жүр. Ол шет тілінде сөйлеп, аң атушының мылтығының астына тіреуіш қойып береді.

Айта кетсек, Интернеттегі бейресми мәліметтерге сүйенсек, Африкада сафариге шығып, аң аулаудың бір күндік бағасы 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды