Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

видеодан алынды
Ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция қызметкері ер адамды райынан қайтару үшін бір сағат бойы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам Назарбаев даңғылы, 50-ші үйдің 16-шы қабаттағы балконынан секіріп кетпек болғаны туралы қоңырау түскен. Шақыруға полиция, шұғыл қызметтер шықты.

Павлодарлық тұрғын мас күйінде әйелімен ұрысып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Оқиға орнына келген полицейлер 16-шы қабатқа көтерілді.

- Павлодар ПБ Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілі Асхат Маралбаев ер адамды тыныштандыру үшін әңгімеге тартып, бұл ойынан қайтаруға тырысты. Полицей онымен бір сағаттан астам уақыт келіссөздер жүргізді. Сол уақыт ішінде тәртіп сақшысы оған жақындап, бірден ұстап алып, балконның ернеуінен шығарды, - делінген хабарламада.

Ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды