Токио-2020: каратэші Нұрқанат Әжіқанов топтан шыға алмады

Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ.

Токио Олимпиадасында каратэден ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов өз тобынан шыға алмады, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрқанат өз тобында Австралия, Италия спортшыларын жеңіп, Германия және Әзірбайжан каратэшілеріне есе жіберді.

Нәтижесінде, өз тобында төртінші орын алып, жартылай финалға өте алған жоқ.

Нұрқанат Әжіқанов сынға түскен В тобында әзірбайжандық Рафаэль Агаев пен италиялық Луиджи Буса жартылай финалға жолдама алды.

Бұл 20 жастағы қазақстандық спортшы үшін жаман нәтиже емес. Ол өз тобында екі дүркін әлем чемпионы Луиджи Бусаны ұтып, әлемге әйгілі Рафаель Агаевтан бір ұпай айырмасымен ғана жеңілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды