Алматыда блок бекеттер қойылып жатыр - Қорғаныс министрлігі түсініктемесі

zakon.kz
Бұған "дәлел" ретінде брон техникаларды тасымалдау барысы түсірілген видео ұсынылуда.

Желі қолданушылары Алматы маңында әскери техника қойылған блок бекеттер қойылатыны туралы хабарламаны өзара бөлісіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған "дәлел" ретінде брон техникаларды тасымалдау барысы түсірілген видео ұсынылуда, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта Алматының айналасында блок бекеттер қойылған жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды