Даниал Ахметов Өскеменде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

ШҚО ақпарат орталығы
Абай – ұлт мақтанышы, парасат биігіне көтерілген тұлға! Ол жұртты білім мен ғылымға, өнерге, адалдыққа жетеледі, толық адам болуға үндеді.

Бүгін ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні.

Осыған орай, ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық, деп жазды ШҚО әкімі Facebook-те.

Әкім былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет 10-тамызды "Абай күні" деп белгілеп, мерекелер тізіміне енгізгенін еске салды.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, өткен жылы Қазақстанның бастамасымен, ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтті. Елімізде де ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, қазақтың бас ақынының рухын асқақтатар игі істер атқарылды. Абай – ұлт мақтанышы, парасат биігіне көтерілген тұлға! Ол жұртты білім мен ғылымға, өнерге, адалдыққа жетеледі, толық адам болуға үндеді. Абай мұрасы – біздің ұлт болып ұйысуымызға, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абайдың айтқан ақылын санамызға сіңірсек, тұрмысымызда кәдеге жаратсақ, адаспайтынымыз ақиқат. Түптеп келгенде халқы сауатты һәм мәдениетті, білім мен өнерге бай, өрге ұмтылған еңселі ел боламыз. Баршаңызды "Абай күні" мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!, делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды