Тоқаев Сеулдегі "Отан үшін шейіт болғандар" монументіне гүл шоғын қойды

akorda.kz
Қазақстан Президенті боздақтар рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мемлекет басшысы Сеулдегі "Отан үшін шейіт болғандар" монументіне барды, деп хабарлайды zakon.kz.



Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында Сеул қаласындағы "Отан үшін шейіт болғандар" монументіне гүл шоғын қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті боздақтар рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

16 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасының астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев - пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен келген әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды