"Жаңа толқын - 2021" байқауында Қазақстан атынан Mezzo тобы бақ сынайды

instagram/mezzo
Жалпы, "Жаңа толқын» байқауына сегіз елдің талантты музыканттары мен әншілері жиналды: Италия, Испания, Грузия, Беларусь, Армения, Австралия, Болгария, Ресей мен Қазақстан.

Бүгіндері Қара теңіз жағалауындағы курорттық қалашықта "Жаңа толқын-2021" ән байқауы өтіп жатыр. Бұл байқауда Қазақстан атынан Mezzo тобы бақ сынайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ бұл байқаудың қазылар алқасы қатарында жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің де бар екенін айта кетелік. Сочиліктер әуежайдан Димашты зор қошеметпен қарсы алды. Ол байқаудың ашылу салтанатында қонақ ретінде өнер көрсетіп, "Your Love" әнін шырқады.

Жалпы, "Жаңа толқын» байқауына сегіз елдің талантты музыканттары мен әншілері жиналды: Италия, Испания, Грузия, Беларусь, Армения, Австралия, Болгария, Ресей мен Қазақстан.

Mezzo тобы Инстаграмдағы аккаунтында байқаудың бірінші күнінен алған әсерлерімен бөлісіп үлгерді:

"Жаңа толқын - 2021". Байқаудың нәтижесіне қарамастан, біз ең бастысы - жаңа достар мен баға жетпес тәжірибеге ие болдық. Рахмет!" делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды