Алматыда журналист Толқын Тәшімов дүниеден озды

Vecher.kz
Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Толқын Тәшімов кенеттен дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді.

Толқын Тәшімов өмір бойғы жылдарын өзінің сүйікті ісі - журналистикаға арнады. Ол еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында еңбек етті, оның ішінде соңғы жылдары "Вечерний Алматы" газетімен үзең қағыстыра жұмыс істеді. Оның журналистік шеберлігі мен шығармашылық жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы халықаралық және республикалық байқаулардағы көптеген жүлделері дәлел бола алады.

Ол керемет адам, талантты журналист, өз елінің патриоты, адал дос әрі сенімді серік болды.

Әріптестері Толқын Қалдарұлы бойындағы аса белсенділік, объективтілік, іскерлік, мақсатқа қойғыштық, керек кезде жылы сөз бен ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын мейірбан достық ілтипаты сияқты қасиеттерін ерекше бағалап, қимастық білдіреді.

Zakon.kz интернет басылымының ұжымы Толқын Тәшімовтің отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды