Талдықорғанда зауытта жарылыс болып, үш жұмысшы зардап шекті

Алматы облыстық ТЖД
Цехтың үш жұмысшысы зардап шекті. Екі ер адамның жағдайы - орташа, біреуі - ауыр делінеді.

Талдықорғанда автокөлік доңғалақтарын қайта өңдейтін зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға ескі доңғалақтарды вакуумды жою резервуардағы жарылыс салдарынан болған.

Цехтың үш жұмысшысы зардап шекті. Екі ер адамның жағдайы - орташа, біреуі - ауыр делінеді. Олардың барлығы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді, - делінген департамент хабарламасында.

Оқиға орнына облыстық ТЖД-ның 24 қызметкері мен 9 бірлік техника аттанды.

Жарылыстың болжамды себебі балқу кезінде пайда болатын жанғыш заттар контейнерідегі технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды