Жол апатында мыжылған көлік ішінде бір әйел қысылып қалды

ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" МК
Оқыс оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір келіншектің ауыр жағдайда екенін анықтады, одан қан кетіп, аяғы сынған.

Алматы облысында жол апаты орын алып, бір келіншек мыжылған көлік ішінде қысылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

25 тамызда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне жол апаты орнынан қоңырау түсті. Қарасай ауданы, Райымбек ауылындағы Сүйінбай көшесінде екі көлік бетпе-бет соғысып, бір келіншек мыжылған көліктердің бірінде қысылып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" МК баспасөз қызметі.


Оқиға орнына алты адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы аттанды.

Оқыс оқиға орнына жеткен құтқарушылар бір келіншектің ауыр жағдайда екенін анықтады, одан қан кетіп, аяғы сынған.

Жолаушы алдыңғы орындық пен құрылғы панелінің арасына қыстырылып, қалып қойған. Аққан қанды тоқтату үшін шаралар қабылдаған құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен келіншекті босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлады департаменттен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды