Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан екі павлодарлық ұсталды

pixabay.com
Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады.

Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан екеу ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жоғарыда аталған адамдар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Павлодар қаласының бір ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, соның ішінде тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты “ешқайда шықпау туралы” қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды