Абаев Жириновскийдің Қазақстандағы тілдік мәселеге қатысты айтқанына пікір білдірді

ПМ
Открытый диалог 2.0 бағдарламасына қатысып, сұқбат берген Абаевтан студия жүргізушісі Ресейдегі ЛДПР партиясы көшбасшысының соңғы мәлімдемесі туралы ойын сұрады

Ресейлік саясаткердің мәлімдемесіне қатысты ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Открытый диалог 2.0 бағдарламасына қатысып, сұқбат берген Абаевтан студия жүргізушісі Ресейдегі ЛДПР партиясы көшбасшысының соңғы мәлімдемесі туралы ойын сұрады. Жириновский тілдік сауаттылық патрулін саяси "ойынға" айналдырған ресейлік талқы аясында "Қазақстанда өз Талибандары (тыйым салынған ұйым) пісіп-жетілуде" деп шуылдағандарға айтақ қосқан.

Меніңше, Жириновскийдің Қазақстан туралы көпшілік алдында айтатын мәлімдемелерінің барлығына байыппен қарауды баяғыда доғару керек болған сияқты. Әрине, бұл шоу, ол арада қандай да бір саяси астар жоқ. Сайлау, электорат алдында ұпай жинаудың әрекеті ғой. Ендеше оны керекті жерін сызып-күзеу үшін емес, қолға попкорн алып, демалу үшін тыңдаған дұрыс болар, - дейді Дәурен Абаев.

ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары мемлекет саясаты мәселесі бойынша, сондай-ақ ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша Президент тоқетерін айтып, баяғыда бұл тақырыптарды түйіндеп қойғанын баса жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды