Алматы әуежайынан көтерілген ұшақ қозғалтқышы істен шығып, дереу кері оралды

zakon.kz
Бортта екі дәрігер және бес экипаж мүшесі болған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы әуежайына қозғалтқышы істен шыққан ұшақтың қонғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

East Wing әуе компаниясының ЯК40 типті EWZ1149 жедел жәрдем ұшағы Алматы - Семей бағытына ұшып шыққаннан кейін (11:12) сол жақ қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, артынша ұшу алаңына оралып, сағат 11: 17-де қонды, - деп хабарлады министрліктен.

Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен екі дәрігердің болғаны айтылады.

Айта кетсек, 2017 жылдың 3 қазанында East Wing ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Ол да жедел жәрдем ұшағы еді. Бортта бес адам: экипаж мүшелері мен дәрігерлер болды. Олардың ешқайсысы аман қалмады.
Апатқа ұшыраған әуекомпания басшысы Виталий Масалитин сотталды. Тергеушілердің айтуынша, апатқа әуе кемесіндегі техникалық ақаулар мен ұшқыштардың қателігі себеп болған. Сот процесі 2020 жылы басталды. 2021 жылдың маусымында Масалитин ақталып шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды