Кей аудандар "тұрғындарға 100 пайыз екпе салдық" деп мақтана бастады

zakon.kz
Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирусқа шалдығудың 34 жағдайы тіркелді.

Шардара ауданының тұрғындары толықтай коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл жерде 78 мың адам тұрады, дейді Түркістан обылысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтағы вакцина салдыруы тиіс 35 625 адамның барлығы вакцинаны қабылдап алыпты. Қалған тұрғындар денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалар да бар.

Сондай-ақ, облыстағы Созақ ауданында 99%, Отырар мен Төле би аудандарында 96%, Арыс 95% пен Мақтаарал ауданы тұрғындарының 93% екпе салдырыпты.

Облыс бойынша вакцинаның бірінші бөлігін 778 010 адам салдырды, ал екінші компонентті 625 117 тұрғын қабылдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды