Қостанайда аю тістеген қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Сурет: zakon.kz
Оқыс оқиға 5 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Радуга" демалыс орталығында болған. Аю базада торда болған.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы аю тістеп алған қыздың жағдайы ауыр екенін айтты. Бала жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін бейнебайланыс арқылы қан-тамырлары хирургы, травматологтар мен хирургтардың қатысуымен кеңейтілген кеңесі өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматолог дәрігері де кеңеске қатысты. Мамандар науқасты емдеудің ары әрі қарайғы тәсілдерін талқылады.

Қазіргі уақытта қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрі-дәрмектің көмегімен ұйқыда жатыр. Мамандар, әзірге ешқандай болжам айтпайды, - деп хабарлайды Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Оқыс оқиға 5 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Радуга" демалыс орталығында болған. Аю базада торда болған. Анасы мен қызы жануарды тамақтандырғысы келіп, оған жақындаған. Алдында аю бей-жай түр танытқан. Содан кейін анасы жоқта торға жақындаған қызды аң аяғынан ұстап, бірнеше рет тістеді. Полиция "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бабы бойынша тергеу бастады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды