Алматыда біреу каршеринг көлігін төңкеріп тастады

zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алды.

Алматыда жалға берілетін каршеринг қызметінің көлігі аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.

9 қыркүйекте Volkswagen Polo автокөлігін жалға алған 1997 жылы туған жүргізуші И., әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, "Қазақфильм" ғимаратының тұсында көлік рөліне ие бола алмай, ағашқа бір соғылып, аударылып барып бірақ тоқтады, - деп хабарлады қалалық ПД.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алды, оның жай-күйін жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында тексерді.

Жалға алынған көліктің ішінде болған жолаушылардың айтуынша, бұлар жолда дрифт жасап, өзге көліктерді ойқастап жүріп озған. Сөйтіп келе жатқанда жүргізуші оңбай қателесіп, көлік жол жиегіне ұшып кеткен. Бордюрге соғылып, төрт рет аударылған, сосын бірақ тоқтаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ????????Kz (@kris_p_kz)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды