Жар опырылып, бір көлік Елек өзеніне құлады

Ақтөбе облыстық ПД
Көліктің ішіндегі екеудің біреуі мерт болды.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Елек өзенінің жағасында төтенше оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті атап өткендей, Қандыағаш қаласының екі тұрғыны болған Volkswagen Passat автокөлігі Електің жағалауымен кетіп бара жатып, жардан өзенге құлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы жүргізуші көліктен шыға алмай, суға батып кетті, ал 45 жастағы жолаушы өз бетімен жағаға шыққан, қазір қабырғасы сынған ол орталық облыстық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полициядағылар көлікті ауыр техниканың көмегімен өзеннен шығарды.

Сараптама тағайындалды, - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды