Алматы облысында жоғалған 12 млн теңгенің жылқылары тікұшақпен іздестірілді

zakon.kz
Жоғалған жылқыларды іздеуге жұмылдырылған 15 полиция қызметкері төрт көлікпен, атпен жолға шығып, тіпті тікұшақтың көмегіне сүйенген.

Алматы облысында жоғалған жылқылар төрт күннен соң табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция мәліметінше, 16 қыркүйекте Көксу ауданы, Балпық би ауылының 49 жастағы тұрғыны өзінің құны 12,2 миллион теңгені құрайтын 30 жылқысының жоғалғанына шағымданған.

Мал төрт күннен кейін биік тау бөктеріндегі Омар жайлауынан табылды.

Жоғалған жылқыларды іздеуге жұмылдырылған 15 полиция қызметкері төрт көлікпен, атпен жолға шығып, тіпті тікұшақтың көмегіне сүйенген, деп хабарлады департаменттегілер.

ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша, жылқы иесіне ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды