Батыс Қазақстан облысында "полиция көлігі" ұрланды

zakon.kz/Павел Михеев
Ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Бұл 40 жастағы ер адам болып шықты.

Батыс Қазақстан облысында "полиция көлігі" ұрланды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Патрульдік автокөліктің макеті бұрын Чапаев - Жалпақтал - Қазаталовка тас жолы бойында орнатылған болатын. 23 қыркүйекке қараған түні ол жоғалып кетті. Заттың жоғалғаны анықталған кезден екі сағаттан соң ол табылды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Бұл 40 жастағы ер адам болып шықты.

Оған полиция көлігінің макеті не үшін керек болғанын тергеу анықтайтын болады. Ұсталған адамға "Ұрлық" бабы бойынша айып тағылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды