Алматыдағы түнгі дүрбелең – полиция жауап берді

pxhere.com
Ол көлік ұрлап, жол апатын жасады.

Алматыда полицейлер Шығыс айналма жолында ұрланған көлікті басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол көлік ұрлап, жол апатын жасады.

Оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында болды. Полицейлер жүрісі күдік туғызған көлікті байқап, тоқтатпақ болғанда ол бағынбай, қаша жөнелген екен.

Полиция көліктің артына түсіп, қуып жетпек болды. Жылдамдықты тым асырған Hyundai Accent жүргізушісі алдындағы көлікке қатты соғылды. Соққыдан қауіпсіздік дорбасы атылғанда, жүргізуші есінен танған, ал оның аяғы газдың педалінде қалған. Полицейлер көліктің есігін ашып, жас жігіттің өмірін құрқаруға тырысты. Терезесін ақыры сындырып, көлікті тоқттатты, - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған жүргізуші Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған дерек ҚР ҚК 200 бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жалғасуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды