Нива көлігінің төбесі "туралып" кетті - жүргізушісі қаза тапты

видеодан алынды
"Ниваның" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан BMW көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен 44 жастағы Mitsubishi жолаушысы да зардап шекті.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты 30 қыркүйек күні сағат 08:45 шамасында Жамбыл ауданында орын алды.

Алдын ала анықталғандай, "Нива-2121" автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 44 шақырымында батыс бағытта бет алып келе жатып, рөлге ие бола алмай, Foton жүк көлігімен соқтығысқан. Одан кейін бар инерциясымен шам бағанын қаға-маға жолдың қарсы бетіне шығып, BMW-525 пен Mitsubishi көлігімен соқтығысқан,-деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

"Ниваның" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан BMW көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен 44 жастағы Mitsubishi жолаушысы да зардап шекті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды