Есік тұрғынын пышақтап, 10 млн теңгесін ұрлап кетті

Pixabay
Camry 70 алайын деген ақшасын тонап кетті.

Есік қаласында автокөлік сатып алмақ болған жігітке қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны шағымданды. Қарақшы оның арқасынан пышақ жарақатын салып, қашып кеткен.

Келген полицейлер бұл фактіні анықтап, іздестіру шараларын бастады.

Күдікті сатып алушымен кездесуде суық қару қолданғаны белгілі болды. Ол жәбірленушінің Toyota Camry 70 автокөлігін сатып алуға арналған шамамен 10 млн теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданы ПБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Кездесу және ақша аудару Есік қаласында өткен.

Қарақшы тез ұсталды. Оны куәгерлер мен жәбірленуші таныды. Ол Есік қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат қылмыс жасағанын мойындап, УҰИ-ға қамалды, деп толықтырды Жақсылық Алтынбаев.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды