Алматыда көлік төңкеріліп, жүкті әйел зардап шекті

zakon.kz
Соққыдан Hyundai кері бұрылып, Lexus аударылып қалды.

Алматыда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат Шаңырақ-2 шағын ауданында, Күлтегін және Жанқожа батыр көшелерінің қиылысындағы орын алды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Күлтегін көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан Hyundai Accent Жанқожа батыр көшесіне солға бұрылған. Сол кезде оған Жанқожа батыр көшесі бойымен оңтүстік бағыттан Lexus RX 300 автокөлігі келіп соғылды. Lexus-тың рөлінде жүкті әйел отырған. Ол бұл қиылыста Accent жүргізушісіне жол беру керек екенін білмеген екен.

Соққыдан Hyundai кері бұрылып түсті, ал Lexus аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүкті әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында ЖКО рәсімдеумен айналысатын жол полициясының қызметкерлері келді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды