Павлодар облысында жоғалған ағайындылар өлі табылды

pixnio.com
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге "гипотермия" себеп болған.

Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

19 қазанда Ақсу қалалық полициясына екі ағайынды жігіттің жоғалып кеткені туралы әйел арызданған. Полицейлер олардың 5 қазан күні сағат 17:00 шамасында шаруа қожалықтарының бірінің шалғайдағы пунктінен шығып кеткенін анықтады.

Бұл фактіге сәйкес, барлық полиция қызметкерлері мен шекаралас аймақтар дереу бағдар алды. Жедел іздестіру тобы құрылды.

25 қазанда дала массивінде бастапқы нүктеден 20 шақырым жерде 1967 жылы туған ағайындылардың бірінің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге "гипотермия" себеп болған.

26 қазан күні сағат 16:20-да далалық аймақтағы Ақжол ауылынан 25 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілерінсіз 1985 жылы ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды