Түркістан облысы тұрғыны ірі көлемде марихуана сақтады деген күдікке ілінді

Көліктегі ПД баспасөз қызметі
Ұсталған адамнан 20 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Шымкент және Шу станциясындағы полицияның есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Түркістан облысының 37 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған адамнан 20 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, есірткіні биыл шілдеде темір жолдың жанынан жинап алған, кейін Түркістан облысының Түлкібас ауданына апармақ болған, - деп хабарлады өңірлік Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істі ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа жолдау туралы мәселе шешіліп жатыр (аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау, тасымалдау).

1 маусым мен 30 қазан аралығында Көліктегі полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 117 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды