Өзбекстан билігі әлеуметтік желілерді бұғаттап көрді

pixabay
Өзбекстанда әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунік жұмыстан шығарылды.

Өзбекстанда Ақпарат және телекоммуникация саласына бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияев қызметтен алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұның алдында мекеме Facebook, Instagram, "Одноклассники", Telegram, LinkedIn, YouTube, "Мой мир" және басқа да сервистерді жеке тұлға мәліметтерін сақтау тәртібін бұзды деп танып, желілерді пайдалануға шектеу қойған.

"Президенттің нұсқауымен, Ақпарат және телекоммуникация саласына бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияев қате әрі келісілмеген әрекеттері үшін қызметтен алынды. Оның бұл әрекеті тергеледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов фейсбуктегі парағына.

Оның айтуынша, президент Шавкат Мирзияев мемлекеттік мекеменің біржақты әрекетінен хабардар. Қателік жібергендердің бәріне шара қолданылады, деді ол.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды