Субсидияға бөлінген ақша құмға сіңген судай болды – Тоқаев

Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығына бюджеттен 2 трлн теңге бөлінді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджеттен бөлінген қаражат жоқ болды, оның қайда, қалай жұмсалғанына да бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық тиімділігі де жоқ, – деді Мемлекет басшысы Екібастұзда өткен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

"Мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырдым. Бұған қоғам мен фермерлердің өздерін тарту қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды