Жалдамалы пәтерде "демалмақ" болған жігітті ұрып-соғып, тонап кетті

pixabay
Полицияға 24 жастағы ер адам арызданған.

Астаналықты жалдамалы пәтерге шақырып, ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға 24 жастағы ер адам арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол көшеде екі қызбен танысып, олармен телефон алмасты. Екі күннен кейін қыздардың бірі WhatsApp мессенджері арқылы жігітке жалдамалы пәтерде танысуды жалғастыруды ұсынды. Осы мақсатта ол пәтерді бір тәулікке жалға алып, жаңа танысына құрбысын ертіп келді. Біраз ішімдік ішкен жігіт қыздармен бірге жатын бөлмеге кіреді. 30 минуттан кейін пәтерге екі бейтаныс жігіт сау ете қалып, жәбірленушіні кезекпен ұрып-соғып, ақша талап ете бастайды. Олар жәбірленушіден iPhone 12 ұялы телефоны мен Apple смарт-сағатын алып кетті.

Полицейлер күдікті төрт адамды ұстады, екі қыз және 18 және 19 жас аралығындағы екі жігіт.

Тергеу барысында олардың қылмысты алдын-ала жоспарлағаны анықталды. Аpple смарт-сағаты тәркіленді, ал iPhone 12 ұзақ тұрушы ма еді, ол телефон сатылып кетіпті.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды