Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Zakon.kz / Павел Михеев
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Бүгін, 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, дейді ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Отырыста қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды