Қостанай облысында жол апатынан аман қалған баланың жағдайы қалай?

Қостанай облысының ПД
Қостанай облысында орын алған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты.

Арқалық-Торғай автожолындағы жол-көлік оқиғасынан аман қалған баланың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысында орын алған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Дәрігерлер ауыр жарқатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген жеті жасар қыздың денсаулығы туралы айтты.

2014 жылы туған қыз ауруханаға ашық бас сүйек-ми жарақаты, жеңіл дәрежедегі бас миының шайқалуы, бастың, беттің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозымен жеткізілді. Аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта шағым жоқ, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, – деді Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар, ведомство зардап шеккен баланың есін жиып, дәрігерлердің сұрақтарына жауап бере алғанын, тәбеті жақсы екенін де айтты.

9 қарашада жан түршіктіретін апат салдарынан 1970 жылы туған ер адам және 1965 жылы туған әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, ал 1971 жылы туған әйел медициналық мекемеге барар жолда қайтыс болды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды