Кеше қару сынаған Ресей Жер орбитасын жаңа қоқысқа толтырды

European Space Agency
Ол аздай, Халықаралық ғарыш стансасына қауіп төндірді.

Сынақтан кейін Халықаралық ғарыш стансасындағы астронавтар мен ғарышкерлер төтенше жағдай орын ала ма деп үрейленіп, өз кемелеріне тығылуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс Ресей спутникке қарсы қаруды сынақтан өткізгеннен кейін Жер орбитасында Халықаралық ғарыш стансасына қауіп төндіретін қоқыстар пайда болғанын мәлімдеді, деп жазады BBC.

Прайстың айтуынша, Ресей спутник жойғыш зымыранның көмегімен өзінің ескі спутнигін атқан. Салдарынан ғарышта барлық елдер мен халықтарға қауіп төндіретін 1,5 мың ірі қоқыс фрагменті, жүздеген мың ұсақ қауіпті сынықтар пайда болды.

"Ресейдің бұл жауапсыз әрекеті ғарыштың ұзақ мерзімді тұрақтылығына қауіп төндіреді және Ресейдің ғарышты милитаризациялауға қарсы мәлімдемелері өтірік екенін көрсетеді", - деді Прайс.

Бұл іске қатысты Ресей Вашингтонға түсініктеме берген жоқ.

Әріпжан Әли

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды