90 жастағы әжені құтқару видеосы әлеуметтік желіні тәнті етті

видеодан кадр
Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт 14 қарашада болған.

Желіде Ақтөбе облысындағы жанып жатқан үйден 90 жастағы әжені құтқару видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ролик облыстық ТЖ департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт 14 қарашада болған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 23:46-да Торайғыров көшесіндегі (Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы) №25 үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген бойда Торайғыров көшесіндегі №23 үйдің пәтерлерінің бірінде ас үйде 5 шаршы метр алаңда ағаш еден жанып жатқаны анықталды, өрт сөндірушілер 1931 жылы туған қарт әйелді құтқарып, тоғыз адамды эвакуациялады. Өрт 00:25-те толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Ақтөбе облысы ТЖБ баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды